«Ұсқынсыз етті»: Қарағандыда бойжеткен омырауына ота жасаған хирургты сотқа берді

0
120

​Айтуынша омырауында асимметрия пайда болып, басқа да асқынуларға алып келген.


«Ұсқынсыз етті»: Қарағандыда бойжеткен омырауына ота жасаған хирургты сотқа берді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қарағандыда 22 жастағы блогер Вера Тен омырауына сәтсіз ота жасағанын айтып, пластикалық хирургты сотқа берді. Бойжеткеннің айтуынша, алғашқы отадан кейін қалаған нәтижеге қол жеткізбеген соң, ол қайта операция жасауға келісім берген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Әрбір жасаған отадан кейін жағдайым нашарлай берді. Маған капсулалық контрактура деген диагноз қойып отыр. Ал оның түзету үшін жасаған қосымша оталары түкке тұрғысыз болып шықты. Бірден импланттарды ауыстыру керек еді. Ол мұны жасырып қалғысы келген сияқты, себебі репротездеу оған қымбатқа түсер еді. Оның орнына қайта-қайта пышаққа түсіре берді», – деді Тен.

Блогердің айтуынша, соның салдарынан омырауында асимметрия пайда болып, басқа да асқынуларға алып келген. Ал ең ауыр салдары шашының кенеттен түсе бастауы болыпты.

«Басымда ошақты алопеция пайда болды. Қазір емге – дәрумендерге, плазмотерапияға қыруар ақша жұмсап жүрмін. Жас әрі сұлу қыз едім, енді өз ақшама өзімді ұсқынсыз етті», – деп қосты ол.

Алайда сот процесінде істі хирургке емес, клиникаға қарсы қозғау керек екені анықталды. Дәрігердің адвокаты Арғын Ысқақбековтің айтуынша, дәрігер кінәсіз, ал науқастың өзі ұсынылған нұсқауларды орындамаған.

«Төрт рет ота жасалды, олардың барлығы пациенттің өз өтінішімен эстетикалық мақсатта жүзеге асырылды. Ешқандай медициналық асқыну анықталған жоқ. Егер асқынулар болса, ол оның өз әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін: компрессиялық іш киім кимеуі, медициналық нұсқауларды елемеуі немесе өздігінен физикалық күш түсіруі», – деді заңгер.

Енді дауға соңғы қорытындыны тәуелсіз сарапшылар беруі тиіс. Блогер сонымен бірге медициналық қызметтердің сапасын бақылау комитетіне де жүгінді.