Ұсталған индустрия вице-министрі 3 жыл бұрын жұмыстан кетіп қалған - министрлік

0
514

Бұған дейін пайдалы кен орындарын заңсыз үлестірді деген күдікпен бұрынғы вице-министр ұсталған болатын.


Ұсталған индустрия вице-министрі 3 жыл бұрын жұмыстан кетіп қалған - министрлік

ERNUR.KZ. Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаев Индустрия министрлігінде 2019 жылдан бері жұмыс істемейді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Тимур Тоқтабаев 2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеген. Кейін 2019 жылғы 5 наурыздан 17 желтоқсанға дейін экс-шенеунік ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр қызметін атқарған. 2019 жылдың 17 желтоқсанында, яғни 3 жыл бұрын Т.Тоқтабаев вице-министр қызметінен өз еркімен кеткен», - делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін пайдалы кен орындарын заңсыз үлестірді деген күдікпен бұрынғы вице-министр ұсталған болатын.