Вакцина алмаған қызметкерлер қашықтан жұмыс істейтін болады

1
1 382

Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Вакцина алмаған қызметкерлер қашықтан жұмыс істейтін болады

ERNUR.KZ. Вацина алмаған немесе соңғы 6 айда коронавируспен ауырмаған мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмысқа ауыстырылады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысында айтылған, деп жазады baq.kz.

CОVID-19-ға қарсы вакцина алмаған және соңғы 6 ай ішінде CОVID-19-мен ауырмаған қызметкерлер міндеттерін орындау қашықтан форматта мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда, қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады, – деп жазылған құжатта.
Қаулы 2021 жылғы 3 мамырда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.