Вьетнам Астанаға тікелей рейс ашады

0
86


Вьетнам Астанаға тікелей рейс ашады

ERNUR.KZ. Вьетнам Фукуок аралынан Астанаға тікелей рейс ашады, деп жазады Ulysmedia.kz.


“Vietjet Air вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр”, - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні айтылған.