Вице-министр вакцина салынар алдында қандай тексерулер болатындығын айтты

0
2 406

Вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды.


Вице-министр вакцина салынар алдында қандай тексерулер болатындығын айтты

ERNUR.KZ. 2021 жылдың ақпан айынан бастап елімізде халықтың жекелеген топтарын коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу кезеңдері басталады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бірінші кезекте медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай – ақ басқа да бейіндегі қызметкерлер; екінші кезеңде педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері наурыз айында; үшінші кезеңде, студенттер сәуірден бастаса, мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылады.

Айта кету керек, вакцинация 18 жасқа толмаған балаларға салынбайды.

КВИ-ға қарсы вакцинациялау 6 млн адамды қамти отырып, осы жылдың соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, бірінші вице-министрдің айтуынша, вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі.

«Вакцинация жүргізер алдында дене температурасы өлшенеді, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалады. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады», - дейді Марат Шоранов.