Чатта әріптестері туралы жағымсыз пікір жазған.
ERNUR.KZ.Ақмола облысындағы мекеме басшысы қоластындағыларды кемсітіп, чатта әріптестері туралы жағымсыз пікір жазған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Сандықтау ауданының мәдениет басқармасы қызметкерінен өтініш келіп түсті. Ол өзінің басшысына шағым түсірген.
Бөлім басшысы қоластындағыларды кемсітіп, олармен өктем дауыспен сөйлесіп, тіпті қол көтеруге дейін барған және сес көрсеткен. Оған дәлел ретінде сөйлескен әңгімелерінің жазбасы ұсынылған, сондай-ақ WhatsApp-тағы топта жазған хабарламалары көрсетілген.
Сонымен қатар, басшы Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары туралы жағымсыз пікір айтып, «мансапқұмар» деп атаған. Осылайша ол Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің Этика кодексінің талаптарын бұзған.
Этика жөніндегі кеңес Сандықтау аудандық әкіміне басшыны қызметінен босату туралы ұсыныс берді.