Заңнамаға жер қатынастары жөніндегі түзетулер қаралды

0
1 367

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның ұсыныстарын іске асыруға бағытталған.


Заңнамаға жер қатынастары жөніндегі түзетулер қаралды

фото:parlam.kz

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына сәйкес құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның ұсыныстарын іске асыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сатуға, сондай-ақ оны шетелдіктерге беруге тыйым салу «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленгенін атап өту керек.

Заң жобасымен 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көзделіп отыр. Жобаның негізгі ережелері мемлекет мұқтажына жатқызу арқылы азаматтарды жеке ауладағы жануарларды жаю үшін жайылымдық алқаптармен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерімен қамтамасыз етуге; жер учаскесін беру кезінде жариялылықты қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жалдау шартымен берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауданын шектеуге; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды күшейтуге; шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктермен некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына шекара маңы аумақтарынан жер беру бойынша қосымша шектеулер енгізуге бағытталған.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.