Қордағы шотта қанша қаражат бар екенін оп-оңай білуге болады.
Зейнетақы жинақтарын онлайн тексеріңіз! Сіз ай сайын жалақыңыздың 10 % бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды? Мұны тексеру өте оңай, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әдеттегідей, оны екі тәсілмен біліп-көруге болады – электронды үкімет порталы мен телеграм-бот арқылы.
Egov.kz порталы арқылы мәліметтерді білу үшін «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдайсыз. Тиісті өтінішті жолдап, дайын құжатты жеке кабинетіңізден көре аласыз. Ол үшін ЭЦҚ болу міндетті.
Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты білу үшін телеграм қосымшасына кіріп, боттағы қызметтер тізімінен «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу» қызметін таңдайсыз. Мобидьді азаматтар базасына тіркелу міндетті.