Теміржол саласынан зейнетке шыққан Жұмабай Отарғалиев велосипед сатып алады да алдымен Шалқар, Қызылорда бағытында және Астраханьмен шекараға дейін барады.
ERNUR.KZ. Ақтөбелік қария маусым мен тамыз аралығы Қызылорда, Шымкент, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Астана мен өзге қалаларды велосипедпен аралап өткен, деп жазады tengritravel.kz.
Теміржол саласынан зейнетке шыққан Жұмабай Отарғалиев велосипед сатып алады да алдымен Шалқар, Қызылорда бағытында және Астраханьмен шекараға дейін барады.
"21 маусым Атыраудан шықтым, марафонды тамыз соңында осы Атырауда аяқтаймын. Осы жолы Қазақстанның барлық облысын басып өттім. Күніне 80-нен 120 шақырымға дейін, кейде 200 шақырым жүріп отырдым. Ауа-райына байланысты. Жол жоқ жерде пойызға міндім. Өскеменнен Катон-Қарағайға дейін 300 шақырым жоғары жүру қиынға соқты. Ал түскен кезде жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін жетті. Бастапқыда ол жаққа барамын деп ойламадым, бірақ Қалбатау ауылында блогер Дамир Күлешовты кездестірдім. Ол мұндай сұлулықты міндетті түрде көру керек деді. Біз бірге теңіз бойынан 1 800 метр биіктікке көтерілдік. Дамирдің арқасында Өскеменде маған жаңа велосипед сыйлады", - дейді Жұмабай Отарғалиев.