Енді Қылмыстық кодекстегіжала жабу туралы 130-бап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылды.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "жала жабу" бабын қылмыстық сипаттан арылтуға қатысты тапсырма берген болатын. Кейін парламент тиісті құжатты қабылдады.
Сонымен қатар, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік топтық немесе діни араздықты қоздыру үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің 174-бабына да түзетулер енгізілді.
Атап айтқанда, "қоздыру" сөзі "тұтандыру" сөзімен алмастырылады. Айыппұл жазаның баламалы түрі ретінде енгізіледі.
Сонымен қатар, заң жобасында азаматтардың шетелге шығу жөніндегі Конституциялық құқықтарын қорғау мәселесі қозғалған. Мәжілісмендер елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімін, тәртібі мен негіздерін, оның күшін жоюды қайта қарауды ұсынып отыр.
Бұдан бөлек, өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған, жеке сот орындаушысының ағымдағы шотында уақытша жатқан ақшаны қорғауға бағытталған нормалар енгізілді.