Жалған диплом жасағандарға қандай жаза қарастырылған

0
428

Жалған құжатты пайдаланғандарға 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады.


Жалған диплом жасағандарға қандай жаза қарастырылған

ERNUR.KZ. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жоғары білім туралы жалған дипломдарға қатысты қандай жаза қарастырылғанын түсіндірді, деп жазады inform.kz.

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, білім туралы жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін анықтау әрі жолын кесу бойынша жұмыстар Ішкі істер министрлігінің құзырына жатады. ҚР Қылмыстық кодексiнің 385-бабына бойынша жалған құжаттарды жасау әрекетіне 2 000 айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бұл қылмыс үшін 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған», - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұдан бөлек, жалған құжатты пайдаланғандарға 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Мұнымен қоса, осы әрекет үшін 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы ескерілген.