Жалған вакцинация паспортын пайдаланғандар қандай жазаға тартылады

0
424

Вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша жыл басынан бері 23 қылмыстық іс тіркелген.


Жалған вакцинация паспортын пайдаланғандар қандай жазаға тартылады

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері ішкі істер органдары жалған ПТР-те жасаудың 39 жағдайын, вакциналау паспортын қолдан жасаудың 23 фатісін тіркеген, деп жазады ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның ақпарат алаңында осындай мәлімет берді.

«Жалған ПТР-тестер мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаушыларды, пайдаланушыларды анықтау бағытындағы жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тестерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабымен 42 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 39-ы биыл тіркелген. Вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша жыл басынан бері 23 қылмыстық іс тіркелді, тергеу жалғасуда. Қолдан жасалған құжаттардың саны және әрбір іс бойынша заңға қайшы әрекет еткендердің саны да әр түрлі. Олар тергеу қорытындысы бойынша нақтыланады», - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, Ішкі істер органдар вакцинация паспорттары мен ПТР-тестің жалған анықтамаларын сату фактілерін анықтау үшін түрлі жедел іздестіру іс-шараларын әлі жалғастыра береді.

«Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пунктерін тексеруді жалғастыруда. Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салады», - деді Шұғыл Тұрлыбек.