Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды

0
503

Оған 45 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.


Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, деп жазады Tengrinews.kz.

"12 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 миллион теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Джапаров 2020 жылдың қыркүйегінде субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 миллион теңге алған болатын.