Жамбыл облысында бес жұмысшыны ұсақтау құрылғысы басып қалды: Екі адам мерт болды

0
860

28 жастағы дәнекерлеуші ​​мен 35 жастағы механик оқиға орнында көз жұмды.


Жамбыл облысында бес жұмысшыны ұсақтау құрылғысы басып қалды: Екі адам мерт болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы зауытта жантүршігерлік төтенше жағдай орын алды, деп жазады Stan.kz.

Зауыт жұмысшылары ұсақтау диірмен тастарының астында қалды. Екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды.

Қайғылы оқиға "Қазфосфат" ЖШС филиалының ұсақтау-елеу зауытында болды. Алдын ала болжам бойынша, ұсақтағышты жөндеу кезінде бес ер адам диірмен тастарының астында қалған. Құрылғы өшірілсе де, кенеттен іске қосылды.

28 жастағы дәнекерлеуші мен 35 жастағы механик оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жұмысшы қуанышқа орай аман қалған, алайда олар әртүрлі жарақаттар алды.

Мәліметтерге сүйенсек, бұл зауытта болып отырған бірінші төтенше жағдай емес.

Бір ай бұрын "Қазфосфат" бас филиалында 34 жастағы жұмысшының үстіне кірпіш құлап, ер адам ауруханаға жетпей қайтыс болды. Енді полицейлер жаңа оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.