Жамбыл облысында жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен

0
759

Оның барлығы - 2-15 жас аралығындағы жеткіншектер.


Жамбыл облысында жыл басынан бері 14 бала терезеден құлап кеткен

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында балалардың биіктен құлау деректері жиілеген. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облыстық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Айтбаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Балалардың терезе алдына шығып кетуіне мүмкіндік туғызатын жиһаздарды ол тұстан қашыққа қойған абзал. Үй ішінде қауіпсіздік сабақтарын өткізу артықтық етпейді. Әсіресе, үлкендеріміз кішкентай бүлдіршіндерге қамқор болуды үйрегені жөн. Балалар терезені өз беттерінше ашпас үшін онда блокиратор немесе тұтқасына құлып орнату керек», — деді спикер.

Ол Жамбыл облысында жыл басынан бері 14 бала көпқабатты тұрғын үйлерден құлағанын мәлімдеді. Оның барлығы - 2-15 жас аралығындағы жеткіншектер.

Аталған төтенше оқиғалар кезінде 2 жасөспірім көз жұмды. Бұл статистика өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға өскен.

Яғни, былтыр 9 оқиға тіркелді, 6 жасар жеткіншек мерт болды.

Т.Айтбаевтың айтуынша, биылдыққа бұқаралық ақпарат құралдарында «Абайлаңыз, ашық терезе және балалар!» тақырыбында 351 материал жарық көрген.

Сонымен қатар ТЖ департаменті мен аумақтық бөлімшелер қызметкерлері, ЖПҚ қызметі, еріктілер бірлесіп 21 307 тұрғын үйде, 53 мыңнан астам адамның қатысуымен түсіндіру жұмысын жүргізді.