Жамбыл облысының тұрғыны полицейге пышақ сұғып алды

0
749

Полиция бөлімінің учаскелік инспекторы ағасы мен інісі арасындағы отбасылық жанжал туралы түскен хабарлама бойынша тиісті мекенжайға барған.


Жамбыл облысының тұрғыны полицейге пышақ сұғып алды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының тұрғыны мас күйінде полицейге пышақ сұғып алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы ағасы мен інісі арасындағы отбасылық жанжал туралы түскен хабарлама бойынша тиісті мекенжайға барған. Оқиға Тастөбе ауылында болған.

«Ауыл тұрғыны мас күйінде полиция қызметкеріне ас үй пышағын сұғып алды. Суық қару полиция қызметкерінің бронежилеті болғандықтан денесіне өтпеген. Ұсталған 49 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі 9-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ведомство хабарламасында.