Жаңа астық экспорты 2 млн тоннаны құрады

0
122

Астық экспортының көрсеткіші Қазақстанның халықаралық нарықтағы беделінің нығайғанын және ұлттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді.


Жаңа астық экспорты 2 млн тоннаны құрады

ERNUR.KZ. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 млн тоннасы экспортталды. Салыстырмалы түрде қарасақ, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 млн тонна болған. Бұл — экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті.

Астық экспортының көрсеткіші Қазақстанның халықаралық нарықтағы беделінің нығайғанын және ұлттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді.