Жаңа ережелер: Ресей елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

0
152

Биылғы 30 маусымнан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу бекетін қамтитын кіру ережелері мен шарттарын сынақтан өткізіледі.


Жаңа ережелер: Ресей елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото:Турар Казангапов

ERNUR.KZ. 30 маусымнан бастап Ресейде шетелдіктердің, соның ішінде қазақстандықтардың елге кіруі мен шығуының жаңа ережелері енгізіледі. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мәлімдеме жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Биылғы 30 маусымнан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейін Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу бекетін қамтитын кіру ережелері мен шарттарын сынақтан өткізіледі.

Негізгі жаңалық визасыз кіруге қатысты: бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесінде алдын ала тіркелу және жаңа ruID мобильді қосымшасы арқылы кіру туралы электрон өтініш беру ұсынылып отыр. Елшілік кіру туралы өтінішті толтыру ерікті екенін мәлімдеді.

"Эксперимент ретінде енгізіліп жатқан жаңа тіркеу тәртібі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы азаматтарының визасыз режиміне өзгеріс енгізбейді", - деп жазылған хабарладама.

Осылайша Қазақстан мен Ресей арасындағы визасыз режим сақталады, ал ruID арқылы өтініш беру міндетті емес, алайда ресейлік тарап қосымшаны пайдалануды ұсынып отыр.
"Кіру туралы өтініш болмауы Ресей шекара органдарының шекара бақылауын жүргізуіне әсер етпейді", - деп жазылған хабарламада.