Жаңа Салық кодексі бюджетке 3,5 трлн теңге түсім әкеледі

0
126

Түсімдердің негізгі көздеріне ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру кіріп отыр.


Жаңа Салық кодексі бюджетке 3,5 трлн теңге түсім әкеледі

фото: Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Жаңа Салық кодексін іске асыру шеңберінде бюджетке 3,5 трлн теңге түсімдер күтіліп отыр, деп мәлімдеді ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин.
Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сұрағына жауап Әмрин қосымша түсімдерге не әсер ететінін айтты.
Оның айтуынша, түсімдердің негізгі көздеріне ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру, банктер үшін корпоративтік табыс салығын 25%-ға дейін ұлғайту, алкоголь, темекі және бензинге акциздердің өсуі, сондай-ақ салық жеңілдіктерінің қысқаруы кіреді.
"Алдын ала есептеулер бойынша жаңа Салық кодексін енгізуден қосымша 3-3,5 трлн теңге күтеміз. Сонымен қатар жалпы экономикалық өсімнен түсетін түсімдер ескеріледі", — деді Азамат Әмрин.