Бетон тіректерді сырлау жұмыстары жақында басталған болатын.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Астанадағы көптің талқысына жиі түсетін атышулы LRT құрылысы тағы да сынның астында қалды, деп жазады ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде Шәмші Қалдаяқов көшесі бойындағы тіректердің жуырда ғана жағылған бояуы қабыршақтанып түсіп жатқан видео тарады. Кадрлардан сұр түсті бояудың жұқа қабатпен сылынып, астындағы бетонның ашылып қалғанын көруге болады.
Бұл жағдай елорда тұрғындары мен желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
CTS КОМПАНИЯСЫ НЕ ДЕЙДІ?
Айта кетейік, бетон тіректерді сырлау жұмыстары жақында басталған болатын. Осы мәселеге қатысты City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі пікір білдірді.
«Бояу жұмыстары толық аяқталған жоқ. Ауа райы жылынған кезде жұмыстар қайта жалғасады», — деді компания өкілдері.


