Жаңа тағайындалған Әділет министрі Ерлан Сәрсенбаев ант берді

0
133

Бүгін Үкімет отырысы жаңа тағайындалған Әділет министірінің антымен басталды.


Жаңа тағайындалған Әділет министрі Ерлан Сәрсенбаев ант берді

ERNUR.KZ. Жаңа тағайындалған Әділет министрі Ерлан Сәрсенбаев ант берді, деп жазады baq.kz.

Бүгін Үкімет отырысы жаңа тағайындалған Әділет министірінің антымен басталды.

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - дейді Сәрсенбаев Үкімет отырысында.

Еске салайық, өткен аптада Әділет министрі Азамат Есқараев қызметінен босатылды. Оның орнына Ерлан Жақсылықұлы Сәрсенбаев тағайындалды.