Елімзде қарғын су басқан 10 өңірдің басым бөлігінде қираған үйлердің орнына жаңасы салынып жатыр.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастады. Батыс Қазақстанда облысында - 203, Қарағандыда -1, Павлодарда - 5, Солтүстік Қазақстан облысында -100 үй салынуда. Ал Қостанай облысында зардап шеккендерге 31 пәтер берілді, деп жазады zakon.kz.
Қалған өңірлерде арнайы комиссия бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен Атырау облысы, Құлсары ауданында қазір мыңнан астам үйге бағалау жүргізілді. Бұл жұмыстар аяқталған соң, жер учаскелері бөлініп құрылыс басталады. Жер учаскесі беріліп, үйлер салынғанша әрбір нысан ерекше бақылауда болады.
Жалпы тасқын салдарынан ел бойынша 12 мыңдай тұрғын үйді су басқан. Президент қираған үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге 5 ай мерзім бергені белгілі. Десе де, кейбір әкімдіктер бұл жұмысты ертерек, яғни 1-қыркүйекке дейін аяқтаймыз деп мәлімдеді. Қазір бұл мәселе мемлекет басшысының қатаң бақылауында.