Жалпы жарияланған тізімде 100 адам бар.
Жаңа Зеландия Ресей президенті Владимир Путин, премьер-министр Михаил Мишустин, сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен қорғаныс министрі Сергей Шойгаға санкция салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында әңгіме Украинадағы арнайы операциямен байланысты адамдар үшін елге кіруге тыйым салу туралы екені айтылған. Жалпы жарияланған тізімде 100 адам бар.
"Санкциялар сауда, қаржы ұйымдарына қатысты. Жаңа Зеландия аумағына ресейлік кемелер мен ұшақтардың кіруіне тыйым салынады. Заң жобасы нақты Ресей басқыншылығына бағытталғанымен оның заңсыз әрекетіне қолдау білдірген Беларусь сияқты елдерге де шектеу енгізуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Ал Оңтүстік Корея Ресей Орталық Банкімен операцияларды тоқтатуы мүмкін. Үкімет мәселені талқылап жатқаны айтылады. Бұған дейін Сеул мәскеуді SWIFT төлем жүйесінен ажыратып, экспортты шектеген. Ресейге стратегиялық мақсаттағы тауарларды жеткізуге тыйым салынған.