Жаңа жылдан бастап Отбасы банктің барлық терминалы жабылады

0
312

Төлемдер тек онлайн жасалады.


Жаңа жылдан бастап Отбасы банктің барлық терминалы жабылады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Отбасы банк келесі жылдан бастап төлем терминалдарын толығымен жабады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктің барлық терминалы толығымен жабылады. Неге десеңіздер, Отбасы банк толығымен жаңа цифрлық шешімдерге көшіп жатыр. Сізге енді банкке келіп, төлем терминалдарын пайдаланудың қажеті жоқ. Біз сіздердің уақыттарыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыру жолында жұмыс істеп жатырмыз», - деп мәлімдеді Отбасы банк.

Терминалдардың жабылуына қарамастан, азаматтар барлық операцияны онлайн орындай алады.

Екінші деңгейлі банктердің терминалдары және банкоматтары, мобильді қосымшалары, интернет-банкингі мен Otbasy bank-тің мобильді қосымшасы, сондай-ақ Қазпошта бөлімшелері арқылы депозиттерді толықтырып, кредиттерді өтеуге болады.