Пайдаланылған пиротехникалық бұйымдарды атқан соң шашып қалдырып кетпей, оларды дұрыс жою керек.
ERNUR.KZ. Жаңа жылдық отшашу қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Бұл туралы бүгін Алматы ТЖД өткізген брифинг барысында «Қазсалют» ЖШС бас менеджері Нұрлан Қазбеков айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қоршаған ортаға қандай әсер етуі мүмкін? Пирротехникалық бұйымдар – химия және оның құрамында белсенді химиялық элементтер бар. Алайда, олардың көлемі қауіпсіз. Отшашу болғанда пайда болатын көк түс – мыс, ақ түс – стронций. Олар ауаға атылғанда түгел жанып кетеді де, қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Ең бастысы пиротехникалық бұйымдар дұрыс жойылғаны абзал», - деді Қазбеков Нұрлан.
Маманның айтуынша, пайдаланылған пиротехникалық бұйымдарды атқан соң шашып қалдырып кетпей, оларды дұрыс жою керек.
«Бұл бұйымдар Алматы облысындағы Қапшағай қаласында орналасқан арнайы полигонда жойылады. Оларды жоюмен «Қазақжарылысөндірісі» компаниясы айналысады», - деді Нұрлан Қазбеков.