"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға тиесілі ұзындығы 14 метр, биіктігі және ені екі метр болатын көпір ұрланған
ERNUR.KZ. Металлдан жасалған 12 тонналық көпір "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға тиесілі болған. Осының салдарынан компанияға 708 750 теңге шығын келтірілген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп жазады tengrinews.kz.
Жаңаөзен қалалық сотында 12 тонналық темір көпірді ұрлау ісі қаралды. Сотта "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға тиесілі ұзындығы 14 метр, биіктігі және ені екі метр болатын көпір ұрланғаны анықталды. Жымысқы әрекетімен қаскөй компанияға айтарлықтай шығын келтірген.
"Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК немесе 505 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ұрланған көпір компанияға қайтарылды, - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.