Мектеп директоры да жазаланды: оған ескерту жасалды.
ERNUR.KZ. Жаңаөзенде оқушыны ұрды деп айыпталған №5 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі жұмыстан шығарылды. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің білім бөлімі мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.
Lada.kz-тің хабарлауынша, мектеп директоры да жазаланды: оған ескерту жасалды.
"Бұл мұғалім 2014 жылдың 15 қыркүйегінде жұмысқа қабылданды. Оқиғадан кейін ол Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабына , 1-тармағына, 14-бөлігіне сәйкес жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, Жаңаөзен білім бөлімінің бұйрығымен мектеп директорына ескерту жасалды", - деп түсіндірді білім бөлімі.
Естеріңізге сала кетейік, оқушылар ұрып-соғу сәтін тікелей дене шынықтыру сабағында ұялы телефонға түсірген. Бейнежазбадан мұғалімнің дауыс көтергенін, ұлдардың біріне жақындап, оны бірнеше рет ұрғанын көруге болады.