Жанармай құю станцияларында бензин мен дизель бағасы неге өзгерген жоқ? Министрлік жауабы

0
642

Энергетика министрлігі осы аптада бензин мен дизель отынының шекті бағасын бекітті.


Жанармай құю станцияларында бензин мен дизель бағасы неге өзгерген жоқ? Министрлік жауабы

ERNUR.KZ. Алайда Қазақстандағы жанармай құю бекеттеріндегі жанармай құны бұрынғысынша сақталып отыр, деп жазады tengrinews.kz.

Бензин мен дизель отыны бағасының өсуі болған жоқ. Энергетика министрлігі қазіргі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Энергетика министрлігі шекті бағаны реттейді, қалғаны нарықта реттеледі. Ең бастысы, нарықтағы баға бекітілген шекті бөлшек сауда бағасынан жоғары болмауы керек", - деді ведомство өкілдері.

Ведомство мәліметінше, жанармай құю бекетінде бұрынғы бағамен сатып алынған жанармай қалдығы әлі де бар. Оны жанармай құю бекеттері ескі бағамен сатады. Жаңа өнім келгенде баға өзгеруі мүмкін.

Алайда Энергетика министрлігі бағаның шекті деңгейін ғана реттейтінін түсіндірді. Жанармай құю станциялары бағаны лимиттен төмен түсіргісі келсе, мұндай шешімді өздері қабылдауға құқылы.