Жәрдемақы бала туғанға дейін автоматты түрде беріледі – министрлік мерзімін жариялады

0
364

Қазіргі кезде Астанадағы 9-емхана мен 2-перзентхананың негізінде пилоттық жоба қолға алынды.


Жәрдемақы бала туғанға дейін автоматты түрде беріледі – министрлік мерзімін жариялады

ERNUR.KZ. Астанада бала туғанға дейінгі жәрдемақыны автоматты түрде беру бойынша пилоттық жоба аяқталғаннан кейін барлық республикаға таратылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Әсел Молдабекова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде Астанадағы 9-емхана мен 2-перзентхананың негізінде пилоттық жоба қолға алынды. Негізгі мақсаты – жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беру және бала туғанға дейінгі жәрдемақыны автоматты түрде тағайындау.
“Қазір пилоттық жоба аясында әлгі перзентханада туған нәрестелерге алғашқы бір сағаттың ішінде жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ата-анасы атын қоймаса да, ЖСН тағайындалады. Осының арқасында мемлекет барлық деректі дұрыс жүргізіп, алдын ала жоспар жасай алады”, - деді Молдабекова бүгінгі брифингте.
Сондай-ақ осы пилоттық жобамен бала туғанға дейінгі жәрдемақыны автоматты түрде жіберу қарастырылған. Ондай жәрдемақы жүктіліктің 7-айында бірден түседі. Бірақ ол үшін жұмыс беруші барлық әлеуметтік төлемді уақытында аударып тұруы тиіс.
“Астанадағы пилоттық жобы жылдың соңында аяқталады. Ал келесі жылы оны барлық республикаға тарату жоспарланып отыр”, - деп атап көрсетті Молдабекова.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта аналарға жаңа туған баланың жәрдемақысын бірден беру қызметі де іске қосылады деген жоспар бар. Ешқандай құжат пен SMS жіберудің қажеті болмайды.
“Негізі, ондай жәрдемақы үш сағаттың ішінде тағайындалуы қажет. Бірақ қазынашылық мәселелер бар. Сондықтан біз 3 күн деп отырмыз. Бала туған бойда анаға автоматты түрде жәрдемақы түседі”, - деп атап көрсетті Молдабекова.