Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
ERNUR.KZ. Бүгін сағат 11:32-де елордалық полицияға Astana Garden School мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсккен. Ал, мұндай хабарлама мектептің электронды поштасына келген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жіберіліп, мектептен 175 адам эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
Полиция бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, былтыр дәл осындай 10 қылмыс тіркелген.
«Полиция қызметкерлері барлық қылмыскерлерді анықтап, ұстады. Барлық фактілер бойынша ұсталғандар әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп толықтырды департамент өкілдері.