«Жарып жіберемін»: Теміртауда көпқабатты үй тұрғындарын шошытқан ер адам ұсталды

0
627

Полиция қызметкерлері 35 жастағы азаматты ұстады.


«Жарып жіберемін»: Теміртауда көпқабатты үй тұрғындарын шошытқан ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағандылық полицейлер «үйді жарамын» деп қорқытқан азаматты ұстады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Теміртауда 9 сәуірде кешкі сағат 18.58 шамасында полицияға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде үйдің дәлізінде түтін және кенеттен дауыс шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орынына келген патрульдік полиция жасағы жіберілді. Белгілі болғандай, сол үйде тұратын азамат ішімдік ішкен күйде пәтерінің есігін жауып алып, үйдегі газ баллонын жарамын деп қорқытқан», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері мен Теміртау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, оқиға орынын қоршауға алды. Сағат 20.20 шамасында полиция қызметкерлері 35 жастағы азаматты ұстады.

«Аталған факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.