Кафелердің бірінде Калашников автоматының патрондарын сату барысында аға лейтенант ұсталды
фото: Вaq.kz.
ERNUR.KZ. 11 қазанда шамамен сағат 14:00-де Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан кафелердің бірінде Калашников автоматының 130 патронын сату барысында ҚР Қорғаныс министрлігі №85395 әскери бөлімінің аға лейтенант лауазымындағы 28 жасар взвод командирін ұстады, деп жазады Вaq.kz.
Үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастыратын ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі бойынша (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін одан әрі жүргізу мақсатында ұсталған азамат ҚР ІІМ «Оңтүстік» өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараз бөлімінің қызметкерлеріне берілді.