Көкшетауда ер адам көлік иесін ұзақ күтіп қалғаны үшін оның басын жарақаттаған

0
84

Жанжал кезінде қыз көлікке отыруға әрекет жасаған сәтте ер адам көліктің есігін тепкен. Соның салдарынан есік қыздың басына тиген.


Көкшетауда ер адам көлік иесін ұзақ күтіп қалғаны үшін оның басын жарақаттаған
Фото: Видеодан скринERNUR.KZ. Көкшетауда көлігін қақпа алдына қойған студент қыз бен ер адамның арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласты, деп жазады Stan.kz.

Көкшетауда көлік тұрағына қатысты ер адам мен студент қыздың жанжалы қылмыстық іске ұласты. Оқиға 17 қыркүйекте тұрғын үйлердің бірінің маңында болған.

Студент қыз көлігін қақпа алдына автокөліктер шығатын жерге қойып, өзі сабаққа кеткен. Шамамен бір жарым сағаттан кейін көлігіне оралған қыз ашулы ер адаммен сөзге келген. Белгілі болғандай, ер адам көлік иесін шамамен 40 минут күткен.


Жанжал кезінде қыз көлікке отыруға әрекет жасаған сәтте ер адам көліктің есігін тепкен. Соның салдарынан есік қыздың басына тиген.

Полицияның мәліметінше, қақпа алдында бұл аумақтың көлік шығатын жол екенін көрсететін жол белгісі немесе басқа да белгі болмаған. Жағдай да тексеру барысында анықталып жатыр.

Ер адамның жеке басы анықталды. Оған қатысты бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.