Жеке куәлік пен жүргізуші құжатын алу қымбаттай түсті

0
831

​Айлық есептік көрсеткіш мөлшері өскен сайын, құжаттардың бағасы да жыл сайын өзгеріп тұрады.


Жеке куәлік пен жүргізуші құжатын алу қымбаттай түсті

ERNUR.KZ. Жаңа жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 063 теңгеге дейін өсті. 2021 жылы ол 2 917 теңге болған еді, деп жазады sputnik.kz.

Заңнамаға сәйкес АЕК мемлекеттік жәрдемақыны, сондай-ақ айыппұл, салық және өзге де төлемдердi есептеу үшiн қолданылады. Бірінші қаңтардан бастап оның мөлшері 3 063 теңгеге жетті. Осыған байланысты елімізде бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баж да ұлғайып отыр.

Енді қазақстандықтар қанша төлейді:

  • паспорт алу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 24 504 теңге;
  • жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 613 теңге;
  • жүргізуші куәлігі – 1,25 АЕК немесе 3 828 теңге;
  • туу туралы куәлік тегін беріледі, бірақ акт жазбасына қандай да бір өзгеріс енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеу қажет;
  • некені тіркеу – 1 АЕК немесе 3 063 теңге, ал неке куәлігін екінші рет алған жағдайда – 0,5 АЕК немесе 1 532 теңге;
  • ажырасуға арыз беру кезінде мемлекеттік баж салығының мөлшері – 2 АЕК немесе 6 126 теңге.