Желіде Ақтау маңында ұсталған бір топ жасөспірімнің видеосы тарады

0
110

Әлеуметтік желіде тараған видеода полицейлер кәмелетке толмағандарды қызметтік автобусқа отырғызып жатыр.


Желіде Ақтау маңында ұсталған бір топ жасөспірімнің видеосы тарады

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтау маңындағы жеке секторда жасөспірімдердің жаппай ұсталғанын сипаттайтын видео пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Lada.kz басылымы19 мамырда нақтылап өткендей, әлеуметтік желіде тараған видеода полицейлер кәмелетке толмағандарды қызметтік автобусқа отырғызып жатыр. Бұл оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

"16 мамырдан 17 мамырға қараған түні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Мұнайлы ауданында рейд жүргізілді. Іс-шара қорытындысына сәйкес, жасөспірімдердің 23 ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды".Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары мұндай іс-шаралар ұдайы жүргізіліп тұратынын және ата-аналарды балаларының жүріс-тұрысына мұқият болуға шақырды.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі қазақстандық ата-аналарға жүгініп, мәлімдеме жасаған. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті кәмелетке толмағандарды есірткі бизнесіне тарту мәселесіне байланысты алаңдаушылық білдірді.