Төбелес барысында бөтелке, пышақ, орындық та қолданылған.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде жігітті топ болып соққыға жығып жатқандардың видеосы тарап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.
Зардап шеккен ақтөбелік видеокамераға түспеген. Бірақ кадрларда бір топ адамның оны соққыға жығып жатқаны көрінеді. Төбелес барысында бөтелке, пышақ, орындық та қолданылған.
ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, оқиға желтоқсанның 24-іне қараған түні Ақтөбеде болды. Жергілікті тұрғынға бір топ адам шабуыл жасаған. Ауыр жарақаттанған жігіт медициналық мекемеге жеткізілді.
"Жедел уәкілдердің білігінің арқасында қылмыс бір тәуліктің ішінде ашылды. Кісі өлтіруге әрекет жасаған күдіктілер қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ортырғызылды. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр", - деді Сәдубаев.