Полиция Балқаш қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатуға ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
фото: lada.kz
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілер мен Telegram арналарда "Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылған" деген жалған ақпарат тарады, деп жазады tengrinews.kz.
Өңірлік Полиция департаменті мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Жалған мәлімет тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері білім беру мекемелерін тексерді, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау және ұстау үшін ауқымды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция Балқаш қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатуға ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.