Желіде LRT желісімен жүретін пойыз ішінен түсірілген видео пайда болды

0
117

Жылжымалы құрама Алматы метросын еске түсіреді.


Желіде LRT желісімен жүретін пойыз ішінен түсірілген видео пайда болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде LRT желісімен жүйткитін пойыз ішінен түсірілген видео пайда болды, деп жазады Zakon.kz.


Видео Threads-тегі "Левый берег Астана события" парақшасында жарияланды.

Видео авторы аталған пойыз ішін таспаға түсірген алғашқылардың бірі екенін айтып, мақтанады. Кадрлардан көрініп тұрғандай, тіркелген құрама Астана ішімен жүруге дайын.

Жылжымалы құрама Алматы метросын еске түсіреді. Негізгі айырмашылық - терезенің арғы жағындағы көрініс, одан қараңғы туннельдің орнына Астананы көруге болады.