Даладағы орындықта екі бірдей ине қадаулы тұр.
суреттер: WhatsApp желісінен алынды
WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы қоғамдық орындықтарға қойылған, қаптамасынан ашылған иненің суреті ескертпесімен бірге таралып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Суреттерде медициналық инелердің орындық арқалығына орналастырылған инені анық байқауға болады. Сонымен қатар, инелердің ұшы мен ішінде қанға ұқсас қызыл заттың бар екені де байқалады. Орындыққа қойылған инелерге демалуға отырған адам денесін жарақаттап алуы мүмкін. Сондай-ақ, қаптамасынан ашылған ине пайдаланылған және денесін жарақаттап алған адам үшін қауіпті болуы ықтимал.
Суреттің қайда түсірілгендігі белгісіз. Бірақ ескертпесі қазақ тілінде жазылған.
«Агайын Орындықтарға осындай спид спричтерін (дұрысы, «шприцтерін» - ред.) қойып кеткен. Отрымаңыздар. Сақ болыңдар. Срочно таратыңдар», - делінген ескертпеде.