Желіде жаппай төбелестің видеосы тарады: қатысушылар анықталды

0
571

Видеодан төбелес адамдар көп жиналатын жерде жастар арасында болғанын көруге болады.


Желіде жаппай төбелестің видеосы тарады: қатысушылар анықталды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.

"Автордың айтуынша, шайқас Сырдария мен Горканал жастарының арасында болған", - делінген видеоның сипаттамасында.

Видеодан төбелес адамдар көп жиналатын жерде жастар арасында болғанын көруге болады. Белгілі болғандай, жаппай төбелес Жезқазғанда болған. Қарағанды облысының полиция департаменті аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Патрульдік полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды анықтап, Жезқазған қалалық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарламада.