Жемқорлыққа қарсы қызметкерлер енді қызыл "корочка" ұстамайды

0
1 914

Бекітілген формат халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.


Жемқорлыққа қарсы қызметкерлер енді қызыл

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кадр жұмысы департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов агенттік қызметкерінің жаңа үлгідегі қызметтік куәлігін таныстырды, деп жазады kaz.nur.kz.

"Бүгін сіздердің назарларыңызға агенттік қызметкерінің қызметтік куәлігінің жаңа үлгісін ұсынғым келіп отыр. Неліктен біз ескі форматтан бас тарттық?

  • Біріншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа үлгісін парасаттылық идеологиясы негізінде ілгерілете отырып, өткеннің нышандары мен рәміздерінен арылу өте маңызды. Қалыпша түріндегі куәліктер қоғамда жағымсыз қабылданатындығы ешкімге құпия емес және оның теріс пайдаланумен, шектен шығумен түсіндірілуі дұрыс саналады", - деді ол.
  • Екіншіден, бұл жаңа үлгі үнемді және функционалды. Жаңа куәліктерді әзірлеу құны ескіге қарағанда 2,5 есе арзан. Бұл куәліктердің көмегімен агенттіктің әкімшілік ғимараттарына кіру жүзеге асырылады.
  • Үшіншіден, барынша сенімді 6 қорғаныс жүйесі бар. Сондықтан оны қолдан жасау тәуекелі жоқ

"Ал жалған қағаз қызметтік куәліктерін жасау деректерінің көп екендігі мәлім. Өкінішке қарай мұндай фактілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті де айналып өткен жоқ. Жақында ғана халықаралық іздестіруде жүрген алаяқтың жалған қалыпта куәлікті пайдаланғаны туралы факті анықталды. Осындай алаяқтар өздерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, пайдакүнемдік мақсатта адамдарды адастыру нәтижесінде жұмысымызға нұқсан келтіреді. Азаматтардың сенімін бұзады", - деді ол.

  • Жақсымбетовтың айтуынша, төртіншіден, бекітілген формат халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.