Жеңіл формада ауырғандарды да вакциналау керек болады - маман

0
2 485

Жеңіл формада ауырып шыққандар үшін орнықты жасуша иммунитетін қолдауға вакциналау керек болады.


Жеңіл формада ауырғандарды да вакциналау керек болады - маман

ERNUR.KZ. Бұл туралы UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «АстМУ» КеАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ғылыми негізделген мәліметтерге тоқталсақ, ауырып шыққан пациенттерде үшінші-алтыншы айда антиденелердің нөлдік деңгейге дейін төмендегенін көріп жүрміз. Аталған адамдарда сақталатын жасуша иммунитеті жеткіліксіз болуы мүмкін. Жеңіл формада ауырғандарда орнықты жасуша иммунитетін қолдау үшін вакциналау қажет екені анық», - деді Е. Ковзель Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, пациенттің денсаулық жағдайына бағалау жүргізіп отыру керек.

Қандай да бір вирустық инфекцияның, аутоиммундық аурулардың болуын тексеру үшін екпе салдырар алдында міндетті түрде тексеру керек.

Бұдан бұрын Елена Ковзель коронавирусқа қарсы вакцина сипаттамасын айтып берді.