Кезектің басында Алматы, Астана қалалары мен Қызылорда облысы тұр.
ERNUR.KZ. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен ең алғашқы болып автобус алатын өңірлер белгілі болды. Кезектің басында Алматы, Астана қалалары мен Қызылорда облысы тұр, деп жазады inbusiness.kz.
Индустрия министрі Марат Қарабаевтың сөзінше, мұндағы қоғамдық көліктер екі айдың ішінде жаңартылады. Автобус револьвер механизмімен сатып алынбақ. Ай сайын несие төлемдерінен бюджетке шашамен 1 млрд теңге қайтарылады. Демек, жылына 12 млрд теңге түседі. Бұл сомаға 1200 көлік немесе 1500 автобус сатып алуға болады. Ал қазір елімізде жолаушы тасымалдап жүрген қоғамдық көліктің 45 пайызының тозығы жеткен.
"46 пайыз ескірген көлікті әкімдіктердің жағдайына қарай кейбір жерде жеке компаниялар, кейбір жерде әкімдіктер алады. Қайбірінің қаржылық жағдайы көтере алады, биылға келіп отырған өтінім 2 мың автобусқа. Бізге келіп отырған қаржының есебінен 10 мың автобус дедік, сол 10 мыңның 50 пайызы 5 мың десек, 5 мыңды 3 жылдың ішінде жаңарта аламыз", - дейді Марат Қарабаев.