Жеті ай бойы зорлаған: Атырау облысында 13 жастағы қыз жүкті болып қалды

0
2 868

Сотта ер адамның қыздың өкіл әкесі екені анықталды.


Жеті ай бойы зорлаған: Атырау облысында 13 жастағы қыз жүкті болып қалды

ERNUR.KZ. Атырау облысында ер адам 13 жастағы қызын 7 ай бойы зорлаған, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлаған.

Сотта ер адамның қыздың өкіл әкесі екені анықталды. Ер адам мен қыздың анасы заңды некеде тұрады. 13 жастағы қыз әйелдің бірінші күйеуінің баласы екен. Өкіл әкесі қызына заңды түрде фамилиясын беріп, баланың әкесі деп танылған. Одан бөлек, жұптың тағы екі қызы бар.

Қыз зорлық туралы қорыққандықтан айтпай келген. Бар жағдай ол жүкті болып қалған соң анықталған. Анасы дереу полицияға арызданған.

Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі күшіне енді.