Жетісу облысында полицейлер мас жүргізуші мінген көлікті оқ атып тоқтатты

0
900

3 маусымда облыстық батальонның патрульшілері Mitsubishi Delica автокөлігін ұстады.


Жетісу облысында полицейлер мас жүргізуші мінген көлікті оқ атып тоқтатты

ERNUR.KZ. Жетісу облысында полицейлер мас жүргізуші мінген көлікті оқ атып тоқтатты. Оқиға Текелі қаласында болған, деп жазады zakon.kz.

3 маусымда облыстық батальонның патрульшілері Mitsubishi Delica автокөлігін ұстады.

Көлікті мас күйінде 24 жастағы ер адам айдап келе жатқан. Көлік жүргізушісі тоқтату туралы талапқа бағынбай, үлкен жылдамдықпен жасырынуға тырысқан.

Полицейлер ауыр зардаптарға жол бермеу үшін қару-жарақ қолданып, табельдік Макаров тапаншасынан оқ атып, оны тоқтатуға мәжбүр етті.

Ұсталған адам мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылады.