Қазіргі уақытта өңірдегі мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қаупі жоғары деңгейде.
ERNUR.KZ. Жетісулықтардың қыс айларына дейін орманға баруына тыйым салынды. Сол себепті облыс әкімі Бейбіт Исабаев, 1-қарашаға дейін жеке тұлғалардың орманға баруына шектеу қойды, деп жазады inbusiness.kz.
Қаулы 23-маусымда күшіне енеді. Оның орындалуын Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қадағалайды. Еске салсақ, мұндай шектеу бұған дейін Жамбыл, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында енгізілген болатын.