Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды

0
234

Жигули Дайрабаев – ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарған, Мәжіліс депутаты болған тәжірибелі саясаткер.


Жигули Дайрабаев

Фото: informburo.kz

ERNUR.KZ. Бұл туралы партияның ресми сайты хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауыл" партиясы фракциясының мәжілісінде партия жұмысына қатысты бірқатар мәселелер қаралып, Жигули Дайрабаевты партия төрағасының орынбасары қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ партия Саяси Кеңесінің Төралқа отырысында Ақтөбе өңірлік филиалының партия Жарғысын бұзғаны талқыланып, облыстық филиал басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Жигули Дайрабаев – ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарған, Мәжіліс депутаты болған тәжірибелі саясаткер. Оның еңбек жолы ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік қызметтің әртүрлі салаларында өткен.

Партия тарапынан оның қызметтен босатылу себебі толық ашып көрсетілмесе де, бұл шешім бірауыздан қабылданғаны атап өтілді.