"Жиһадшылар ісінде" судья мен прокурорға қарсылық қабылданбады

0
1 081

“Жиһадистер ісі” бойынша сотталған Алмат Жұмағұлов судья Қуаныш Әріпов пен прокурор Бұлғымбаевқа қарсылық білдірд


ERNUR.KZ. Алматыдағы Алмалы аудандық сотында 4 желтоқсан күні өткен кезекті сот отырысында “жиһадистер ісі” бойынша сотталған Алмат Жұмағұлов судья Қуаныш Әріпов пен прокурор Бұлғымбаевқа қарсылық білдірді, деп жазады azattyq.org.

Жұмағұловтың айтуынша, адвокаттар бұған дейін сотқа куәгер ретінде тергеуші Толғанай Ержанованы шақыру туралы қанша өтініш түсірсе де, Ержанова әзірлеген кейбір құжаттардың айғақ күші жоқ деп тануды бірнеше рет сұраса да судья Әріпов қанағаттандырмаған.

Судья Қуаныш Әріповке берілген отводты Бостандық ауданының судьясы Роман Селицский қарады. Жұмағұловтың білдірген қарсылығын қорғаушылары да қолдады. Айыпталушы айтқан жағдайдан басқа оның адвокаты Гүлнара Жуаспаева да "судьяға сот процесінде бұдан былай төрағалық етуге болмайтын" бірнеше жағдайды келтірді.

Прокурор Дәурен Бұлғымбаев айтылғандарды "субъективті пікір" деп судьяға келтірілген күмәнге қарсылық білдірді. Судья Селицкий отводты қанағаттандырған жоқ. Бұған қоса прокурорға білдірілген сенімсіздік арызын судья Әріповтің өзі қарайды деп мәлімдеді.

Төрағалық орнына қайта келген Әріпов прокурорға берілген отводты қанағаттандырған жоқ. Бұдан соң судья сотталушыларды қайта тергей бастады.

Бұл іс бойынша 44 жастағы Алмат Жұмағұловқа терроризмді насиxаттау және ұлттық араздықты қоздыру баптары бойынша күдікке ілінген. 52 жастағы Кенжебек Әбішев пен 48 жастағы Оралбек Өмірев терроризмді насиxаттау бабымен қамауға алынған.

Айыпталғандардың ешбірі өзін кінәлі деп санамайды. Қазақстандық құқық қорғаушылардың кейбірі бұл істің астарында саяси мотив бар деп санайды. Билік бұған дейін олардың әлеуметтік-саяси статусына қатысты ешбір комментарий бермеген.