"Жіпті байлаудың алты тәсілін қараған": Ақмола облысында көз жұмған оқушының интернеттен не іздегені анықталды

0
415


ERNUR.KZ. Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауылда асылып өлген 14 жастағы қыздың, өзіне қол жұмсамас бұрын, интернеттен нұсқаулық іздегені анықталды, деп жазады Stan.kz.


Прокурорлар қыз көз жұмбас бұрын интернеттен қарапайым жіпті байлаудың алты тәсілі мен оңтүстіккореялық манхваны оқығанын анықтаған. Онда кейіпкерлер параллельді әлемде жаңа денеде қайта туылып немесе өткен өмірін қайтадан өткізу мүмкіндігіне ие болады. Мысалы, Who Made Me a Princess манхвасының кейіпкері романнан шыққан ханшайымның денесіне реинкарнацияланып, өз тағдырын өзгертуге тырысады.

"Эксперттер қандай да бір әрекеттерді орындауға мәжбүрлейтін 25-кадрдың адамның мінез-құлқына ықпалын анықтап жатыр. Өзін өзі өлтіруге үндейтін белгілердің бар болуы себепті Аршалын аудандық прокуратурасы алдын ала тергеуді бастады", – деді Ақмола облысының прокуроры Руфат Куттуков.

Генеральды прокуратура ата-аналарды және қамқоршыларды балалардың гаджеттерді пайдалануын бақылауға шақырды. Тек оның уақытын шектеп қана қоймай, сұраныстардың тақырыбын да тексеру қажет дейді мамандар.