Жітіқарадағы бес баланың өлімі: отбасы уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі

0
415


Жітіқарадағы бес баланың өлімі: отбасы уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі

ERNUR.KZ. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қайғылы оқиға орын алған Жітіқара ауданына барды, деп жазады sputnik.kz.



Өңір басшысы қазаға қатысты көңіл айтты және барынша қолдау көрсетуді тапсырды.

Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, әкім жедел кеңес өткізіп, оқиғаның себептерін мұқият тексеру міндетін жүктеді.

Қазіргі уақытта отбасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Балалардың үлкені - 2011 жылы туған жеткіншек зардап шекпеген, отбасы уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз етіліп, материалдық көмек көрсетілетін болады.